"Еңбек түбі - береке"
Бүгінгі күн біз үшін ерекше қарбаласпен басталды. Табиғаттың таңғажайып сыйы – ақ ұлпа қар қаламызды сәндеп тастады. Алайда, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, балабақша ұжымы бір кісідей жұмылып, ауламызды қардан тазартуға кірістік. Бұл тек еңбек қана емес, ұжымдық рухты нығайтатын іс-шара болды. Қазақтың бір сөзінде айтылғандай: «Еңбек түбі – береке». Баршамыздың ортақ мақсатымыз – балаларымыздың қауіпсіз әрі жайлы ортада ойнап, білім алуы. Қолымыздағы күректер қарды тек қана тазалап