21
қаңтар
2025
"Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер" сайысы
Бүгін біздің балабақшада ерекше күн! Қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын жаңғыртатын, жас ұрпаққа тәрбие мен өнегенің үлгісін көрсететін тамаша іс-шара – "Дәстүрімнің балқаймағы – Әжелер сайысы" өтті.
Сайысқа қатысқан әжелеріміз өздерінің өмірлік тәжірибесі мен шеберлігін көрсетіп, ұлттық өнер мен салт-дәстүрдің байлығын дәріптеді. Әжелеріміз ұлттық киімдерімен сәнденіп, әрқайсысы өзінің сүйкімділігі мен дарынын паш етті. Сайыс соңында әр әже мадақтамалар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бірақ ең бастысы – балабақша ұжымы, ата-аналар мен балалар шынайы қуаныш пен ұлттық рухтың биік дәрежесін сезінді.
Бұл күн бізге әжелердің тек отбасының ғана емес, бүкіл ұлттың ұйытқысы екенін, олардың дана сөздері мен мейірімінің сарқылмас қазына екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай шаралар рухани құндылықтарды жаңғыртуға, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыруға зор үлес қосады.
Әжелеріміз аман болсын, ұрпаққа өнеге болсын!