11
декабрь
2024
"Тәуелсіздік - тұғырым" мерекелік ертеңгілік
Тәуелсіздік — Тұғырым!
11 декабрь күні балабақшамызда Тәуелсіздік күніне арналған ерекше мерекелік ертеңгілік өтті. Мектепалды Ақбота мен Құлпынай топтары "Тәуелсіздік-тұғырым" атты тақырыпта өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрермендерге ұсынды.
Бұл мерекеде балаларымыз еліміздің тәуелсіздігі мен еркіндігін, ұлттың тарихы мен мәдениетін таныту мақсатында әдемі көріністер қойып, тақпақтар айтып, би биледі. Олар өздерінің өнерлері арқылы болашаққа деген үміт пен сенімін білдіріп, еліміздің гүлденуіне үлес қосуға әзір екенін көрсетті.
Мерекеге әжелеріміз де шақырылып, олар балалармен бірге көңілді уақыт өткізді. Әжелеріміздің ақ баталары мен жылы сөздері шараның маңыздылығын арттырып, балдырғандардың жүректерінде ерекше із қалдырды.
Бұл күн барлығымыз үшін тарихи маңызы зор сәт болды. Тәуелсіздік күні — әрқайсымыз үшін ең қымбат әрі қадірлі мереке. Біз, балабақша ұжымы, болашақ ұрпаққа тәуелсіздік туралы түсінік беріп, оларды елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелей бермекпіз!