"Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары" қалалық семинар » КГКП "Ясли сад №140", Бостандыкский район
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №140»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Заведующий:
+7(727) 393-93-50
Методист:
+7(727) 393-93-40
Версия для
слабовидящих
» » "Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары" қалалық семинар
13
март
2024

"Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары" қалалық семинар

13 март 2024 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты КМҚК «№140 бөбекжай-балабақшасында» «ӨРЛЕУ» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы АҚ «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі  ұйым әдіскерлеріне «Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмысты  ұйымдастыру формалары» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында алғы сөз балабақша басшысы Мухаметрахимова Шаттық Абишевнаға берілді. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған бақылау мен басшылық» әдістемелік құралының авторы ретінде, әдіскерлерге өз ойымен бөлісіп, кеңестер берді.

Балабақша әдіскері Сатпаева Динара Кайратовна «Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық кеңесті ұйымдастыру» тақырыбында презентация көрсетті. Педагогикалық кеңестің мақсаты мен міндеті, негізгі қызметі,құқықтары, басқаруды ұйымдастыру және жауапкершілігі туралы  тоқталып өтті. Қазіргі таңда жаңа форматтағы, педаггогтерге мотивация беретін педагогикалық кеңестер өткізу туралы ұсынымдар берді. 

       Озық іс-тәжірибе тарату мақсатында балабақша әдіскері Сатпаева Динара Кайратова «Балабақшада ұлттық қолөнерді дәріптеу жолдары» тақырыбында шебер сынып өткізді. Балабақша басшысының жобасы «Жіпсіз, инесіз құрақ құрау техникасымен» таныстырды. 2021 жылы «Жіпсіз,инесіз құрақ құрау техникасы» атты  әдіскер мен басшының әдістемелік құралы жарық көрді. Жіпсіз, инесіз құрақ құрау әдісі балабақшаның ортаңғы тобынан бастап қолданыста.

Қорытынды сөз    «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Алматы қаласы КДИ кафедра оқытушысы, педагогика  ғылымдарының  кандидаты Маханбетова Ағима Абиловнаға берілді. Семинар өте жоғары деңгейде өткенін айтып, балабақша ұжымына алғыс білдірді. 

https://www.instagram.com/reel/C4fCsYNNIci/?igsh=enNqY20zZTl5N3Fq 










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив